Өтемағанбетов Мүслетдин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өтемағанбетов Мүслетдин<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref> (1917, Ақтөбе облысы Ойыл ауданы – 1966, Алматы) – ғалым, география ғылым кандидаты, доцент (1956). Душанбе педогогикалық институтын бітірген (1940). 1944 – 46 ж. Абай атындағы педогогикалық институтың (қазіргі ҚазҰПУ) оқытушысы, география факультетінің деканы, физика-география кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. География ғылымының ландшафтану, әр өңірге орай ауа райы жүйесі, Қазақстан геоморфологиясы саласындағы көрнекті ғалым болды. Қазақстан географиялық қоғамын ұйымдастырушылардың бірі. 1959 ж. Киев қаласында өткен КСРО география қоғамының 3-съезіне Орта Азия республикалары мен Қазақстан атынан қатысқан. «Қазақстанның физикалық географиясы» оқулығының, «Қазақстанның климаты» (Л., 1959), «Физикалық география терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі» (А., 1959), «Қазақстанның физикалық-географиялық аймақтары» (Таш., 1965), «Қазақстан» (М., 1969), т.б. еңбектердің авторы. <ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Өтемағанбетов Мүслетдин|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}