Өтелбек Махмұтов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Өтелбек Махмұтов(1941, Маңғыстау ауданы Таушық ауылы – 1980) – дәрігер-хирург, медицина ғылым кандидаты (1974).
- Алматы медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген (1964).
- 1972 – 1974 жылдары сол институттың аспиранты. Махмұтовтың негізгі ғылыми еңбектерінің бағыты Маңғыстау мұнайшыларының өндірістік жарақаттары мен олардың алдын алуға арналған.
- 1964 – 1980 жылдары Шевченко қаласындағы Жаңаөзен ауданында аурухананың бас дәрігері, травматология бөлімінің меңгерушісі болды. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. Жаңаөзен қаласында бір көше Махмұтовтың есімімен аталады.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>
Дереккөздер
<references/>