Өсімдік жасушасының құрылысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әрбір жасушаны айнала жасуша қабықшасы қаптайды. Онда көптеген саңылаулар болады. Сол саңылаулар арқылы, біріншіден, бір жасуша мен екінші жасуша арасындағы су, газ, зат алмасса, екіншіден, бір жасушаның цитоплазмасы екінші жасушаның цитоплазмасымен байланысады. Жасуша қабықшасы оның ішкі бөліктерін зақымдаудан сақтайды.

Жасушаның ішінде, қабықшаның астында, жұмыртқаның ақуызына ұқсаған желімтек қоймалжың тірі зат — цитоплазма болады.

Цитоплазма — жасушалардың негізгі бөлімінің бірі. Онда қоректену, тыныс алу әрекеттері жүреді.

Ядро — цитоплазмада орналасады. Көптеген жасушалардың бір ғана ядросы болады. Ядро мен цитоплазманың арасында зат алмасу болып тұрады. Сондықтан олар бірінсіз бірі өмір сүре алмайды. Демек, әрбір жасушаның тіршілігі ядро мен цитоплазманың өзара тіршілік әрекетіне байланысты.

Ядро жасушаның көбеюіне қатысады.

Вакуоль — цитоплазма жасушаларды түгелдей толтырып тұрмайды, жасушалардың цитоплазмадан қалған бос орнын жасуша шырыны толтырып тұрады. Ол вакуоль деп аталады.

Пластидтер — өсімдік жасушасының цитоплазмасындағы пластидтер өсімдікке жасыл түс береді.

Өсімдіктердегі қызыл, сары, көк түстер де пластидтерге байланысты болады.

Дереккөздер

Әлімқұлқызы Р. 6-7 кластарға арналған биология кітабы.