Өсімдіктің минералды қоректенуі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Plant.svg
өсімдіктің қоректенуі

Минералды қоректену

Минералды қоректену деп - өсімдіктің тамыр арқылы керекті элементтерді топырақтан сіңіру. Қоректік заттар өсімдіктің жер үсті мүшелеріне минералды тұздардың ерітіндісі ретінде жеткізіледі. Топырақтан қоректенуде азоттың алатын орны ерекше. Егер өсімдікте азот жетіспесе, өте баяу өсіп, жапырақтары бозара бастайды. Ағаштардың жанама бұтақтарды дамымай қалады. Бидайдың түптенуі баяулап, төменгі жапырақтары сарғайып, қызарады да, ақырында қурап түседі. Фосфор жасуша қабықшасын түзеді. Өсімдікте фосфор жетіспесе жемістің түзілуі баяулап, салмағы кемиді. Калий жеткіліксіз болса өсімдік өте аласа болып өседі. Жапырақтары мен сабақтары нашар дамып, тірек ұлпасы жетілмейді. Өсімдіктің сабақтары әлсіз болып, жатып қалады. Калий тамыр мен түйнек жақсы дамып, қоректік заттардың қорға жиналуы үшін керек.

Өсімдіктің қоректенуі

Өсімдік қоректенгенде міндетті түрде топырақты қолданады. Топырақ - өсімдіктердің су және қоректік элементтер алатын жердің үстіңгі құнарлы қабаты.

Өсімдіктер топырақтан: 1) макроэлементтер (калий, фосфор, азот және т.б); 2) микроэлементтер (бор, кальций, магний, күкірт, кобальт және т.б.) алады.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 6 том</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Өсімдіктің минералды қоректенуі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}