Өскен Бөрғазы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Өскен Бөрғазы - 1943 жылы 3 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылында дүниеге келген. Осы ауылда орта мектепті бітірген.
- 1965 жылы Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласындағы жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық,
- 1974 жылы Шымкент қаласындағы педагогикалық институттарын тамамдаған. Инженер-технолог және математика пәнінің мүғалімі мамандықтарын алған.
- Еңбек жолын 1966 жылы Павлодар облысындағы Бозшакөл астық қабылдау пунктінде директордың орынбасары-технолог болып бастаған.
- 1967 жылдан Шымкент қаласындағы облыстық астық өнімдері басқармасында инженер болып қызмет еткен.
- 1968-1969 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданындағы Ғ.Мүсірепов атындағы орта, А.С.Макаренко атындағы сегіз жылдық мектептерде мұғалім,
- 1969— 1975 жылдары оқу ісінің меңгерушісі,
- 1975— 1984 жылдары мектеп директоры, «Сызган» пионер лагерінің бастығы,
- 1984—1986 жылдары «Созақ» кеңшары кәсіподақ комитетінің төрағасы,
- 1986 — 1991 жылдары «Шу» кеңшары партия комитетінің хатшысы,
- 1991-2007 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданындағы N21 кәсіптік мектептің директоры болып қызметтер атқарған.
Шығармалары
Бірнеше жыр мүшәйралардың жүлдегері. «Заман-ай» (1992), «Киелі топырақ» (1996), «Теріскей толгауы» (1999), «Сағыныш» (2003), «Толғаныс толқвіндары» (2005) атты жыр жинақтарының авторы.
Жетістіктері
- Созақ ауданының Құрметті азаматы,
- Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Құрметті қызметкері.
- Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің грамотасымен марапатталған.
- Облыстағы 2005 жылдың ең үздік ақыны атағына ие болған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>