Өскенбай Аяпұлы Аяпов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Өскенбай Аяпұлы Аяпов (15.9.1929 жыл, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылы — 17.1.1983 жыл, Алматы) — ғалым, техника ғылымдарының докторы (1973), профессор (1973), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1979).
Өмірбаяны
- Қазақ Химия-технология институтын бітірген (1951).
- 1951 — 1959 ж. Қазақстан ғылым академиясының Отқа төзімді және құрылыс материалдары институтында аспирант, кіші ғылыми қызметкер
- 1959 — 75 ж. Алматы Құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу және жобалау институтында аға ғылыми қызметкер, ғалым хатшы, зертхана меңгерушісі
- 1975 — 1983 ж. Металлургия және кен байыту институтында зертхана меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары болды.
- 1976 — 1979 ж. Құрылыс материалдары өнеркәсібі министрлігі қарамағындағы кәсіпорындардың өнім сапасын бағалау жөніндегі мемлекеттік комиссияны басқарды.
Ғылыми жұмыстары
- Негізгі ғыл. жұмыстары тұтқыр материалдардың қатайғанда гидраттануын және құрылым түзілуін зерттеуге арналған.
- Домна және фосфор қоқыстарын пайдалану тәсілдерін тауып, құрылыста тездеткіш қосымшалар қолданудың өлшемдерін жасады; гипс кристалдануының және сілтілер байланысының құрылыс материалдары құрылымы мен қасиетіне тигізетін әсерін анықтады.
- 30 авторлық куәлік алған.
- Аяпов және оның басқаруымен жүргізілген ғылыми жұмыстардың нәтижелері республикамыздағы құрылыс материалдары өндірісі мекемелеріне кеңінен ендірілді.
Шығармалары
- Твердение вяжущих с добавками-интенсификаторамы, А., 1978;
- Вяжущие материалы и бетоны из минеральных отходов промышленности Казахстана, А., 1982.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Сурет:Ө.Аяпов. Зәулім үй - қала көркі кітабы.jpg
Ө.Аяпов. Зәулім үй - қала көркі кітабы
Дереккөздер
<references />
Сыртқы сілтемелер
Санат:
- Ақаулы файлдық сілтемелері бар беттер
- 15 қыркүйекте туғандар
- 1929 жылы туғандар
- Сарысу ауданында туғандар
- 17 қаңтарда қайтыс болғандар
- 1983 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Қазақстан ғалымдары
- Қазақстан инженерлері
- Техника ғылымдарының докторлары
- Алматы Құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу және жобалау институтының профессорлары
- Өнертапқыштар