Өскемен бөгені
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Өскемен бөгені , Ертіс өзенінің Абылайкит қырқасынан өтетін тұсында, Өскемен қаласының оңтүстік-шығыс жағында орналасқан. Өскемен су электр стансасы құрамында 1952 жылы іске қосылған. Бөгеті шлюзбен жабдықталған. Өскемен қаласының оңтүстік-шығысынан Серебрянск қаласына дейін созылады. Қазан – сәуір айларында қатып жатады, жазда суы өте салқын. Түбіндегі шөгінді балшығының қалыңдығы 0,2 – 0,8 м. Бөгенде балықтың 22 түрі (таутан балық, мөңке, табан балық, нәлім, алабұға, сазан, шортан, аққайран, т.б.) кездеседі. Бұлардың көбінің кәсіптік мәні бар. Кеме жүзеді. Жағалауы орман. Өскемен және Серебрянск қалалары халқының демалыс-сауықтыру аймағы. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>
Сілтемелер
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Өскемен бөгені|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}