Өрнек (көне қала)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өрнек қаласыортағасырлық қала. Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Өрнек ауылынан оңтүстікке қарай 6 км жерде, Алтынсу өзенінің жағалауында, Сұлутөр шатқалында орналасқан. 1985 – 1986 жылы Жамбыл облысы тарихи-өлкетану мұражайының экспедиция мен Археология институтының тарихи және мәдени ескерткіштер жинағы археология экспедиция (жетек. К.Байпақов), 1992 – 1993 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археология экспедиция (жетек. К.Байпақов) зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қаланың орт. бөлігі – бұрыштары мен жер бөліктеріне бағытталған төртбұрыш алаң. Қоршап тұрған дуалының қырымен есептегенде оның өлшемдері 155 – 160 м. Дуалдың сақталған биіктігі 5 м, табаны 11 – 15 м. Қабырғаның бұрыштары: солтүстік-шығыс жағында олардың саны 7 (бұрыштағыларын қоса санағанда), солтүстік-батысында – 6, оңтүстік-шығысында – 9, оңтүстік-батысында – 9. Төрт жағында әрқайсысында дуалдың жырығы тәріздес қалаға кіретін жер байқалады. Қақпалары қаланың ортасында түйісетін жолдармен біріккен. Қалашықтың жалпы аумағы 500 га-дың шамасында болған. Қазба кезінде табылған хумдар, қазандар, құмыралар, тостаған сияқты қыш ыдыс сынықтарына қарағанда қалашықты адамдар 8 – 12 ғ-ларда мекендеген.

<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Өрнек (көне қала)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}