Өрлеш Қобланұлы Намазбаев
Өрлеш Қобланұлы Намазбаев (1937, Форт-Шевченко қаласы – 2006, Ақтау қаласы) – ішкі істер қызметкері, полковник. Атыраудағы ғ9 қолөнер училищесін (1955), Свердловск қаласындағы РКФСР өрт-техника училищесін (1963), Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық политехникалық институтын (1970), КСРО ІІМ-нің Мәскеудегі жоғарғы инженер мектебін бітірген (1977). 1956 – 63 жылдары Таушықтағы ғ82 ауыл шаруашылығы училищесінде мастер, 1963 – 1970 жылдары КСРО ІІМ-нің Ақтау қ-ндағы ғ42 арнаулы бөлімінде қызметкер, 1970 – 84 жылдары Маңғыстау ауданы мемлекеттік өрт бақылау инспекциясының бастығы, ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, бастығы. 1984 – 88 ж. облыс Ішкі істер басқармасының өртке қарсы бөлімінің бастығы, облысы бірыңғай мемл. судан қорғау-құтқару қызметінің бастығы болып істеген.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref>
Дереккөздер
<references/>