Өрлеме

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өрлеме, көтерілме — ауа алмастыру, адамдардың жүріп-тұруы, пайдалы қазындыларды немесе бос жыныстарды түсіру, материалдар мен жабдықтарды жеткізу, электр қуатымен су беру, сонымен қатар барлау мақсаты үшін кен бойымен тіке яки көлбеу жүргізілген тау қазбалары. Кейбір қазу жүйелерінде тазалап алу жұмысына дайындық ретінде өрлеме қазба жүргізіледі, ал кені алынған кеңістікті тығындап қазып алу жүйесінде олар кені алынған кеңістікті толтырып, тығындайтын материалдарды тасуға (түсіруге) қызмет етеді. <ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}