Өмірхан Шабаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шабаев Өмірхан (1887, Маңғыстау ауданы – 1974) – ауыл шаруашылығы саласының қызметкері. Сауат ашу мектебінде оқыған. 1930 – 52 ж. Маңғыстау ауданы Ворошилов, Талап ұжымшарларын басқарған. Маңғыстау ауданында ұжымшар экономикасын нығайтып, ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосқан. Ленин орденімен марапатталған (1948).<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>
Дереккөздер
<references/>