Өмірзақ Өзбекұлы Өзбеков
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Өмірзақ Өзбеков (10 қараша, 1947, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас (ауыл)) - Қазақстанның саясатшысы, дипломаты, саяси ғылымдардың кандидаты
Өмірбаяны
- Алматы мал дәрігерлік институтын бітірген (1971), ветеринар дәрігер.
- Қорам темекі кеңшарында, "Авангард" кеңшарында мал дәрігері болып жұмыс істеген.
- 1971 - 1985 жылдары "Таусүгір" кеңшарының компартия комитетінің хатшысы.
- 1985 - 1990 жж. Т.Қабылов атындағы кеңшар директоры.
- 1990 - 1991 жж. Шелек аудандық атқару комитетінің төрағасы.
- 1991 - 1992 жж. Алматы облысының ауыл шаруашылық басқармасы төрағасының орынбасары.
- 1992 - 1994 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары
- 1994 ж. қазанынан - 1996 ж. наурызына дейін - Алматы облысының әкімі.
- 1996 ж. наурызынан - 1997 ж. мамырына дейін - Талдықорған облысының (соңғы) әкімі.
- 1997 жылдың маусымынан - 2003 жылдың шілдесіне дейін - Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды.
- 2003 жылдың шілдесінен 2008 жылғы қаңтарға дейін - Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>
- 2008 жылғы қаңтардан 2011 жылғы 13 қазанға дейін - Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігінің басшысы.
- 25 сәуір 2013 жылы - 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ғылыми еңбектері
Саяси ғылымдардың кандидаты, диссертация тақырыбы: "Қазақстан-Өзбек қатынастарының саяси аспектілері", (2000).
Марапаттары
- "Құрмет" ордені (2003)
- "Астана" медалі (1998)
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001)
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005)
- «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006)
- «Астананың 10 жылдығы» (2008)
Отбасы
- Әйелі: Өзбекова Гүлжазира Махмутқызы
- Балалары: қыздары - Әйгерім (1970), Ақмарал (1973), ұлдары - Дәуір (1975), Данияр (1979).<ref>Узбеков Умарзак (персональная справка)</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}