Өмірзақ Қожамұратов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өмірзақ Қожамұратов(1936-1983) - 6 наурызда Өзбекстанның Бұқара облысы, Тамды ауданында туған.

Алғаш еңбек жолын мектеп мүғалімі, аудандық ерікті спорт қоғамының төрағалығынан бастап, аудандық газеттерде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Қызылорда қаласында Халық шығармашылығы үйінің әдіскер маманы қызметін атқарды.

Елуінші жылдардың аяғында аудандық, облыстық, республикалық мерзімді баспасөз беттерінде өлеңдері жарық көре бастаған. Орыс дойбысы бойынша құрметті дипломант, көптеген аймақтық бүкілодақтық (Одесса, Вильнюс, Бұқара, т.б.) жарыстардың жүлдегер!. «Жазушы», «Жалын» баспаларынан жарыққа шығарған «Жиделі Байсын» (1966), «Таңғы дауыс» (1971), «Жол аяқталмайды»(1981), «Ой кешу» (1989), «Күн астында — құдірет» (1998), «Суреттегі жүмбақтар» (1998) жыр жинақтары жарық көрді. Өзбек-станның қазіргі Науан облысы, Үшқүдық қаласының N»4 қазақ орта мектебіне Өмірзақ Қожамүратов есімі берілген. <ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}