Өмірзақ Шеріпбайұлы Жолымбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өмірзақ Шеріпбайұлы Жолымбетов (25.11.1939, Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл станциясы) - ҚР ЕСЖ-сы (1999), профессор (2003), жазушы, спорт журналисі "Б" ЕСҚ РҚ- ның (1962) Қазақстанның атлетикадан құрама командасының мүшесі (1961- 64), Бүкілодақтық студенттер ойынына қатысушы (1962, Тбилиси). ХТ-дің жеңімпазы (1963, Ұланбатыр, МХР). КСРО халықтары III Спартакиадасына қатысушы (1963). Қазақ ДТИ-ның спорт факультеті (1962) мен ҚазМУ-дің журналистика факультетін (1974) бітірген. КЛКЖО Көкшетау және Қызылорда облыстық комитеттерінің спорт және бұқаралық-қорғаныс бөлімдерінің меңгерушісі, Қызылорда облыстық спорт комитетінің терағасы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері В.Моджеиконың және Әлемнің 4 мәрте рекордшысы А.Колдоковтың алғашқы жаттықтырушысы, 8 СШ-ін дайындады. Республикалық жас¬тар газеті "Лениншіл жаста" (1967-71) ҚазКСР Мемлекеттік телерадио комитетінде спорт редакциясын басқарды (1971- 96), ҚР қаржы министрлігінің аударма бөлімінің бастығы, республикалық қаржы-валюта бақылау комитетінің, жастар ісі, туризм және спорт министрлігінің баспасез хатшысы, Алматы облысы әкімшілігінің спорт жөніндегі бас маманы. Телерадио журналистерінің "Алтын Жүлдыз" республикалық конкурсының Гран-При жүлдегері (1995), "Қазақстан Республикасының таңдаулы спорт журналшысы" (1995), ЮНЕСКО (1995), С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың (2001) лауреаты.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Өмірзақ Шеріпбайұлы Жолымбетов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}