Өмірбек Бәйгелді

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Өмірбек Бәйгелді.JPG
Өмірбек Бәйгелді

Өмірбек Бәйгелді (15 сәуір 1939, Ерназар ауылы, Жамбыл ауданы, Жамбыл облысы) - мемлекет және қоғам қайраткері. Экономика ғылымдарының докторы. ҚР Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі (1992). Қазақ ауылшаруашылық ғылымдары академиясының академигі (1998 жылдан). КОКП мүшесі (1965-1991).

Өмірбаяны

  • Алматы зооветеринарлық институтын (1962) ғалым-зоотехник мамандығы бойынша үздік;
  • КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын (1982) бітірген.
  • 1955 жылдың тамыз айынан - Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы «Қызыл Октябрь» ұжымшарында жұмысшы.
  • 1957 жылдың шілде айынан - Алматы зооветеринарлық институтының студенті, комсомол ұйымының хатшысы.
  • 1962 жылдың сәуір айынан - Жамбыл облысы Свердлов ауданы ауыл шаруашылығының өндірістік басқармасы ауылшаруашылық өнімдерінің дайындалуын бақылау бойынша аға зоотехнигі, бас зоотехнигі, жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы, бастығының орынбасары.
  • 1966 жылдан - Жамбыл облысы Жамбыл ауданы ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылығы өндірістік басқармасы бастығының орынбасары, бастығы.
  • 1975 жылдың тамыз айынан -Қазақстан Компартиясы Жамбыл облыстық комитетінің бөлім меңгерушісі.
  • 1984 жылдың тамыз айынан - Қазақстан Компартиясының Жамбыл облысы Қордай аудандық комитетінің бірінші хатшысы.
  • 1990 жылдың сәуір айынан - Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы.
  • 1990 жылдың маусым айынан - Қазақстан Компартиясы Жамбыл обкомының бірінші хатшысы. Сонымен бір уақытта, 1990 жылдың шілде айынан - Жамбыл облыстық Халық депутаттары кеңесінің төрағасы.
  • 1992 жылдың ақпан айынан - Жамбыл облысы әкімшілігінің басшысы; Жамбыл облысының әкімі.
  • 1995 жылдың желтоқсан айынан - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы.
  • 1999 жылдың қыркүйек айынан - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары.
  • 2005 жылдың қараша айынан бері - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

Қоғамдық қызметі

  • Жамбыл облысының №83 Қордай сайлау округінен сайланған ҚазКСР халық депутаты (1990-1993). Заңнамалар, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері комитетінің мүшесі.

Марапаттары

  • Еңбек Қызыл Ту (1973)
  • Халықтар достығы (1980) ордендерімен;
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001)
  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005)
  • «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған.

Отбасы

  • Үйленген. Жұбайы - Сүйіншәлиева Мәнсия Шандәулетқызы.
  • Ұлдары - Темір (1965 жылы туған), Байнұр (1969 жылы туған), Дәуір (1972 жылы туған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>