Өлшеуіштердің Метрлік Жүйесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өлшеуіштердің метрлік жүйесі, өлшеуіштердің ондық жүйесі – ұзындықтарының негізгі өлшем бірлігі метр болып саналатын физикалық шамалар бірліктерінің жиынтығы. Алғашқыда өлшеуіштердің метрлік жүйесіне метрмен қатар келесі бірліктер енген: аудан үшін – квадрат метр, көлем үшін – куб метр, масса үшін – килограмм (температурасы 4ӘС, көлемі 1 дм3 судың массасы), сыйымдылық үшін – литр, жер ауданын өлшеу үшін – аралық өлшеуіштердің метрлік жүйесінің ерекшелігі, мұнда еселік және бөліктік шамалар ондық қатынастармен ажыратылады және оларды көрсететін кило, гекто, дека, деци, санти және милли қосымшалары қабылданған. Өлшеуіштердің метрлік жүйесінде физиканың жеке бөлімдерін немесе техника салаларын ғана қамтитын бірліктер жүйелері мен өлшеу жүйелерінен тыс бірліктер де қолданылды. Ғылым мен техниканың дамуы өлшеуіштердің метрлік жүйесі негізінде өлшеулердің барлық түрін қамтитын Бірліктердің халықаралық жүйесінің (СИ) пайда болуына алып келді.

<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Өлшеуіштердің Метрлік Жүйесі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}