Өлара

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өлара – ескі ай мен жаңа ай аралығындағы Ай көрінбейтін уақыт. Күн сәулелері Ай бетінің бір жартысын ғана жарықтандыратындықтан, Жердегі бақылаушыға Айдың жарықтанған бір бөлігі ғана көрінеді. Ай Жерді, ал екеуі бірге Күнді айнала қозғалатындықтан Айдың Жерден көрінетін бөлігі үнемі өзгеріп отырады. Жаңа ай туғанда жіңішке орақ тәрізді болып көріне бастайтын Ай, уақыт өте келе толысып толған Айға айналады. Одан әрі ол күннен-күнге кішірейіп, ақыры көрінбей кетеді. Бұл кезде Ай Күн мен Жердің арасында, ал үшеуі бір түзудің бойында орналасады. Айдың жарық бөлігі Жерге қарама-қарсы жақта болады. Осы уақыт – Өлара деп аталады. Күннің тұтылуы тек Өлара кезінде болуы мүмкін. Ай орбитасының жазықтығы мен Жер орбитасының жазықтығы арасындағы бұрыш 52қ9' болғандықтан, Күн, Жер, Ай бір түзу бойына ай сайын орналаса бермейді.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Өлара сөзінің пайда болуы

Сырт қарағанда, «өлара» сөзін екі түбірдің бірігуінен пайда болған ба деп те қаласыз. Іздестіре келгенде, оның әуелден-ақ бір сөз әрі мағынасының да тіпті өзгеше болғандығына көз жеткізу қиын емес. «Өлараға» сәй- кес сөздің якут тілінде ұшырасуына қарап, сөз төркінін түркі тілдері болар деп те қаласың. Якутша «уларый» түлғалы сөз біздің үғымымыздағы «өзгеру, өзгеріске түсу» дегендермен бірдей (Як.-рус. сл., 1972, 433). Бұл сөз якуттарға моңғол тілінен ауысқан. моңғолдарда «ули-рах» тұлғасы — өзгеру, алмасу мағыналарында айтылады (Мон.-қаз. сөз., 1954, 212). моңғолдардан якут тіліне ауысқанда, соңғы «х» дыбысы түсіріліп, якуттар өз тілі- нің заңдылықтарына икемдеуі нәтижесінде «уларый» тұлғасы туған. Ал қазақтар қабылдағанда бастапқы «у» дыбысын «ө» -ге өзгертіп, моңғол тіліндегі «и» дыбысы орнына «а»-ны қолданған, мұнда да соңғы «х» дыбысы түсірілген. Осының нәтижесінде «өлара» сөзі пайда болған. Әдетте, ескі ай мен жаңа айдың түйіскен шағында ауа райында өзгерістер болып тұратыны ертеден белгілі. Осы өзгерісті біріне-бірі жеткізе білу ниетімен әр кез осы «өлара» сөзі қолданылып отыру ежелден қалыптасқан. Сейтіп тіліміздегі «өлара» тұлғасының туу тарихы осылайша түсіндірілмек.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Өлара|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}