Өкілдік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өкілдік– 1) тапсырылған өкілет бойынша бір тұлғаның атынан басқа тұлғаның мәміле не басқа да құқықтық маңызы бар әрекет (мысалы, талапкер атынан сотқа қатысу) жасауы. Өкілет сенімхат не құзыретті органның актісі арқылы тапсырылады немесе заңда көрсетілуі мүмкін. Өкіл тікелей өкілет беруші үшін азаматтық құқықтар мен міндеттер туындатады, өзгертеді немесе тоқтатады. Өкілдік адамның мүліктік қатынастарға тікелей қатысуына әрекет<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6</ref> қабілеттілігі жоқтығына, науқастығына, жұмысбастылығына немесе жер шалғайлығына байланысты қолданылады. Заңда көрсетілген реттерде және өзінің сипатына қарай мәмілелердің жекелеген түрлерін (өсиет қалдыру, некеге тұру, рента шартын жасасу) өкілдік арқылы жасауға жол берілмейді. Заңды өкілдік әрекетке қабілетсіз (науқас, мүгедек) адамдарға қатысты тағайындалады. Ерікті өкілдік шарт (тапсырма шарты, еңбек шарты, т.с.с.) негізінде пайда болады. Өкілдіктің ерекше түрі – коммерциялық өкілдік. Мұнда өкіл кәсіпкердің атынан үнемі және дербес өкілдік етеді. Коммерциялық өкілдік ақылы қызмет болып табылады, өкілге төленетін ақыны тараптар шартпен белгілейді; қысқаша Дипломатиялық өкілдік. 2) Халықаралық қатынаста өкілдік шетелдік ұйымдарды немесе олардың субъектілерін білдіреді.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Заң {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Өкілдік|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}