Өкпе көпіршіктері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Alveolus diagram.svg
Өкпе көпіршіктері.

Өкпе көпіршіктері (легочные альвеолы); (alveoli pul-monis, Үлгі:Lang-la — көпіршік, pulmo — өкпе) — альвеолалық бронхиола, альвеолалық өзектер және альвеолалық қапшықтар қабырғаларындағы тым жұқа қабырғалы ауалы көпіршіктер. Өкпе көпіршіктері қабырғасын бірқабатты жалпақ респираторлы эпителий жасушалары — майда альвеолоциттер (I түрі) құрайды. Олардың аралықтарында өкпе көпіршіктерінің ішкі бетін сылап, жабысудан сақтайтын сурфактант затын бөлетін ірі альвеоциттер (II түрі) орналасады. Сурфактант фосфалипид пен гликопротеидтен тұрады. Өкпе көпіршіктері сыртындағы қан капиллярларымен ағатын қан мен көпіршік қуысындағы ауа аралығында газ алмасу процесі жүреді. Өкпе көпіршіктері қабырғасыңда альвеолалық макрофагоциттер болады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Өкпе көпіршіктері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

cs:Plicní sklípky