Өкпесүт

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Өкпесүт — ғұрыптық мәні бар тағам. Оны бір-біріне өкпелеп жүрген ағайынды татуластыру немесе отбасындағы түсініспеушілікті тарқату үшін жасы үлкен әйел адам әзірлейтін болған. Ақсақалы бар үлкен отбасы береке-бірлікті нығайту үшін ренжіскен адамдарды қонаққа шақырып, осы тағамды ұсынған. Тағамның құрамына өкпе (өңешімен бірге), сүт, тұз, үгітілген қара бұрыш кіреді. Сүтке дәмдеуіш пен тұз қосып, сүтті өңеш арқылы өкпеге толтыра құяды. Содан соң, өңешті байлап, баяу отта бір сағат пісіреді.<ref>Ұмыт боп бара жатқан ұлт тағамдар</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер