Өзен соқыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Disease

Үлгі:Taxobox Өзен соқыр (Үлгі:Pron-en немесе Үлгі:IPA) — бұл инфекция ұсақ құрттардан пайда болады, олар адамнан адамға қара шыбын (симулидтер) деп аталатын өте ұсақ бүкір шыбындардың немесе масапардың шағуы арқылы тарайды

Тараған жерлері: Африка, Оңтүстік Мексиканың кейбір аудандары, Орталық Америка, Оңтүстік Американың солтүстігі.

Белгілері

  • Қара шыбын шағып, организмге құрт енгеннен кейін бірнеше айдан соң тері астында бітеу жара пайда бола бастайды бұл жара американдықтардың басына және кеудесінің жоғарғы жағына, ал Африкада кеудеге, кеуденің төменгі бөлігіне және санға шығады. Әдетте жаралар көп болмайды — 3—6 түйір ғана болады. Олар жайлап есе бастайды, аумағы 2—3 сантиметрге жетеді, ауырмайды.
  • Құрттардың личинкалары таралып, дене қыши бастауы мүмкін.
  • Арқа, иық, сан буындары немесе бүкіп дене ауырады.
  • Шаптың лимфотүйіндері ісінеді.
  • Арқаның немесе іштің терілері қалыңдап, апельсин сияқты үлкен түйіншек пайда болады. Оны керу үшін теріге бір жақ қырынан жарық түсіріп қарау керек.
  • Егер ауруды емдемесе, қарт адамдардағыдай теріні әжім басады. Ақ таңдақтар мен ұсақ-ұсақ нүктелер аяқтың алғы бетінің төменгі бөлігінде пайда болуы мүмкін. Аяқ және кеудеге құрғақ бөрітпе шығады.
  • Көз аурулары көбіне көзден айырылуға әкеп соқтырады. Алғашқыда көз қызарады, көп жас ағады, сонан соң иритистің белгілері көрінеді, кедір-бұдырланып тұрады. Ақырында, тыртықтардың катарактаның, глаукоманың немесе басқа да аурулардың салдарынан адам соқыр болады.

Емдеу жолдары

Көзді аман сақтау үшін емді ерте бастаудың үлкен маңызы бар. Бұл ауру көп тараған жерлерде оның алғашқы белгілері білінісімен адамдар тексеріліп, дәрігерге барып емделеді.

  1. Ивермектин (мектизан)— өзен соқырдың ең жақсы емі. Оны жергілікті емдеу мекемесінен тегін алуға болады. Диэтилкарбамазин мен сурамин де өзен соқырды емдеуге пайдаланылады, бірақ ауру асқынып кетсе олардың кейде пайдасынан зияны көп бола-ды. бұл дәрілерді медицина қызметкерлерінің бақылауымен қабылдау қажет.
  2. Антигистамин қышуды азайтады (386-бет).
  3. Бітеу жараларды хирургиялық жолмен ертерек алып тастау организмдегі құрттарды азайтады.

Алдын алу

  1. Қара шыбындар ағыны қатты суларда өмір сүреді. Ағынды су тоғандарының жағалауын шөп-шалаңдар мен өсімдіктерден тазарту шыбындардың азаюына көмектеседі.
  2. Ашық ауада, әсіресе күндіз, үйықтамаңыздар, себебі бұл шыбын адамды күндіз шағады.

+ Қара шыбындарды жоюға бағытталған шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесіңіздер. Көзіңнің шырағы сөнбесін десең — аурудың алдын ал, ол аурудың жайылу өрісін де тарылтады.

Дереккөздер

  • Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.

ISBN 5-615-01453-9

Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет!