Өзеннің жоғарғы, орта және төменгі ағысы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Өзеннің жоғарғы ағысы - өзендердің жоғарғы ағысы ағынның үлкен еңістігімен және жылдамдығы, тайыздығы, айтарлықтай жуылып-шайылу және тасымалдау әрекетімен сипатталады; өзеннің ең еңіс және соған байланысты ағысы жылдам болатын жоғары телімі. Ол бастаудан немесе екі өзеннің қосылған жерінен басталады да, шаю әрекеті баяулаған тұста аяқталады.<ref>Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>

Өзендердің орта ағысында олардың арнасы ұлғайып, ені кеңейеді, үлкен салаларының есебінен суы молаяды, еңістігі мен ағыс жылдамдығы кемиді, сонымен бірге жуып-шаю әрекеті нашарлайды.

Ал төменгі ағыста өзеннің жуып-шаю әрекеті нашарлап, еңістігі кемиді, арнасы кеңейеді. Еңістігінің кемуіне байланысты төмендегі ағысты жуып-шаю шикізатының шөгіндіге түсуі күшейеді, осылардың бәрі өзен арнасыньщ кең атырауға бөлінуіне әкеп соғады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub