Өзген

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен Өзген, Үзген, Үзгент (Үлгі:Lang-ky, Үлгі:Lang-uz) — Қырғызстанның оңтүстігіндегі көне қала, Ош облысы Өзген ауданының әкімшілік орталығы. Ежелгі заман мен орта ғасырларда Ферғана мен Шығыс Түркістан арасындағы керуен жолындағы ірі қала болды. 2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Өзген қаласының халқы 60 236 адамды құрады.<ref>Үлгі:Citeweb</ref>

Географиялық сипаттама

Сырдария алабындағы Қарадария өзенінің оң жағалауында, Ош қаласы 54 шақырым жерде орналасқан. Өзген республиканың оңтүстігіндегі екі ірі қаланың: Манас пен Оштың арасындағы қала, қала арқылы Бішкек-Ош тас жолы өтеді.

Тарихы

Өзгеннің негізі б.з.б. II - I ғасырларда Кушан патшалығы кезінде қаланған. Ферғана аймағын X ғасырдың соңында түркі билеушілері — ілектер немесе Қарахан әулетінің өкілдері басып алды. Сол кездегі жазба деректерінде Өзген бастапқыда бүкіл Мауераннахрдың, кейіннен жергілікті билеушілердің ордасы ретінде жиі еске алынады. Өзген қарахандардың батыс бөлігінің астанасы болды, мұнда шақалар (теңге) шығарылды. 1141 жылдан бастап қарақытайлар Ферғана мен оған жапсарлас аудандарды өзіне бағындырғанымен, бұрынғы әулеттердің билігі мен қалыптасқан қарым-қатынастарына өзгерістер енгізген жоқ. XII ғасырдың 2-жартысында Үзгент билеушілері күшейіп, Самарқандты жаулап алды. Бірақ кейіннен әлсіреп, 1212 ж. Хорезмге бағынды, моңғол шапқыншылығынан кейін Шағатай ұлысының құрамына кірді. Мөңке хан Үзгентті қарлұқтардың билеушісі Арслан ханға берген. Жуайнидің жазуынша Үзгентте қарақытай гурханының қазынасы сақталған. Үзгентте XII ғасырдан XIV ғасырға дейінгі аралыққа тән көптеген мазарлар мен жекелеген архитектуралық ғимараттар да сақталған. Ол үш мазар мен бір мұнарадан құралған. Мазарлар қатарласа орналасқан. Ортаңғысы XI ғасырда салынған, шаршы пішінді (8,5х8,5), порталдары бұзылған. Қабырғаларының іші әр түрлі өсімдіктердің суреттері мен геометриялық пішіндермен өрнектелген. Солтүстік жағындағысы 1153 ж. салынып, Қарахан әулетінің бір өкілі жерленген. Мұның да пішіні шаршы (7,5х7,5), күмбезді. Оңтүстіктегі мазарға да жергілікті хандардың бірінің сүйегі қойылған. Бұл мазар 1186 ж. салынған. Халық арасында мазарларға жерленген хандар жөнінде болжам сипатты аңыздар сақталған. Оның біреуі бойынша мұнда әулие Бұрхан әд-Дин Қылыш әке-шешесімен және екі ағайынды ілек-хандар — Ілек пен Санжар Мазилер жерленген. Мазарлардан 100 м-дей жерде мұнара орналасқан (XII ғасырда салынған, биіктігі 28 м-дей). Өзген Әмір Темірдің билігі кезінде де саяси өмірдің, қолөнер мен сауданың орталығы болды. XIX ғасырдың бас кезінде Қоқан хандығының құрамына кірген соң өз маңызын түпкілікті жоғалтты.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том</ref>

Экономикасы және инфрақұрылымы

Қалада бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындар, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу зауыттары, құрылыс компаниялары және әртүрлі қызметтерге мамандандырылған фирмалар орналасқан.

Білім беру желісіне балабақшалар, орта мектептер, технология және білім беру институты, Ош мемлекеттік университетінің филиалы және Ош университетінің медициналық білім беру орталығы кіреді. Өзгенде клубтар, музыка мектебі, стадион, көптеген сауда нүктелері мен базарлар да белсенді жұмыс істейді.<ref>Үлгі:Citeweb</ref>

Сілтемелер

Үлгі:Commons

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер