Ә (кирил)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Қазақ әліпбиі (кирил)

Ә — қазіргі қазақ алфавитіндегі екінші әріп, ауыздың мол ашылып, тіл мен иектің төмен түсуінен пайда болатын жіңішке ашық дауысты,езу дыбысының таңбасы. Көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылады, екінші буында "А" фонемасымен ауысып, акустика жағынан көмескіленеді. Сондықтан қазақ тілінің жазу жүйесі бойынша екінші буында Ә дудамал естілгенде А жазылады (мысалы, кітап, Сәбира). Ә негізінен араб, парсы тілдерінен енген сөздердің бірінші буынында айтылады. Соған орай, қазақ тілінде, кейбір түркі тілдерінде Ә дыбысының қалыптасуы шығыс тілдерінен келген сөздердің артикуляциялвқ ыңғайласуына байланысты деген пікір бар. Алайда әкел (алып кел), әпер (алып бер) тәрізді сөздердің құрамындағы Ә - ассимиляцияның нәтижесі. Ә қосымшалар құрамында қолданылмайды<ref> Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том</ref><ref>Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ., Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика, А., 1962</ref>.

Басқа тілдердің әліпбилерінде қолдануы:

Кириллица

Әліпби IPA
қазақ әліпбиі 2 æ
татар әліпбиі 2 æ
башқұрт әліпбиі 40 æ
қалмық әліпбиі 2 æ
дунган әліпбиі 8 ɤ
әзірбайжан әліпбиі 7 æ
түрік әліпбиі 36 æ
кето әліпбиі 33 -
күрді әліпбиі 8 ɛ
абхаз әліпбиі

Дереккөздер

<references/>