Әңгір (ойын)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әңгір - ересек балалар мен бозбалалардың таяқпен айналып ойнайтын ойыны. Әбден жаттыққандар аяқ-қолымен айнала береді. Бір орында тұрып, шыркөбелек айналу емес, тік тұрып, екі қолды жоғары созады да, бүкіл денесімен не оңаға, не солға қарай кәдімгі дөңгелекше айналу. Бұл спорт әлемінде кең тараған акробатикалық қимылдың бір көрінісі. Ойынға қатысушы шарт бойынша қолын жоғары көтереді. Екі аяғының арасын өзінің шамалауынша ашып, буынын бекіте ұстайды. Өз ыңғайы бойынша не оңға, не солға қарай екі қолымен және екі аяғымен жер тірей айналады. Екі аяғын бүкпей жазып, дөңгелекше денесінің айналуына пайдаланады. Бұл өте ширақтықты, ептілікті талап ететін ойын. Алғашқы жаттығу таяққа сүйеніп айналу әдісін игеруден басталады. Сол арқылы, үздіксіз қимыл арқылы айналу әдісін игереді. Әр ойыншы өз бойына шақ, айналғанда кедергі жасамайтындай мөлшерде түзу таяқ әзірлеп алады. Таяқтың екі ұшын екі қолын кере көлденең қалпында ұстайды да, ұшын жерге қадап айналады. Таяқ денені игеріп үйренуге демеу болады. Бұл ойын "әңгір", яғни таяқпен айналу деп аталады.<ref>"Жігіттің үш жұрты": Құрастырған А. Естенов. - Алматы: Қайнар, 1994 ISBN 5-620-00729-4</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әңгір (ойын)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}