Әш-Шүдүр әд-Даабийа
әш-ШҮДҮР әд-ДААБИЙА ... (“Түркі тілі туралы жазылған алтын тізбе”) — мәмлүк қыпшақтарының тілі туралы жазылған грамматикалық анықтамалық. Авторы — Молла ибн Мұхаммед Салих. Түпнұсқа 17 ғасырдыңбасында (1619 жылы ш.) Египетте жазылған (қолжазбасы Стамбұлда сақтаулы), оны 1949 жылы Б. Аталай жеке кітап түрінде Анкара қ-нан бастырып шығарды.
Анықтамалық бес бөлімнен тұрады:
- 1) іс-қимылды білдіретін сөздер (олар граммат. тұлғаларына қарай 8 тарауға бөлінген);
- 2) есім сөздер;
- 3) есімдіктер мен сан есімдердің жасалу тәсілдері;
- 4) қыпшақ, араб тілдеріне ортақ сөздер;
- 5) Осман түріктерінің тілінен алынған сөйлемдер мен сөз тіркестері.
1615 жылы Египетті түріктер жаулап алған соң мәмлүк қыпшақтары тілінің үстемдігі жойылып, оның есесіне Осман түріктерінің тілі бел ала бастады. Сондықтан әш-ШҮДҮР әд-ДААБИЙА... Египетте жазылған қыпшақ тілі туралы ежелгі еңбектердің соңғысы болып есептелінеді. <ref>Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М., Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі, А., 1971.</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>
Дереккөздер
<references />