Әулие Көлшік ата қылуеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әулие Көлшік ата қылуеті - 12 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қожа Ахмет Иасауи кесенесінен оңтүстікке таман 1 км жерде қаланың ортағасырлық бөлігінің сыртында, ашық жерде орналасқан. Сопылардың діни рәсімдер өткізуіне арналған діни құрылыстар қатарына кіреді. Қазақстанның оңтүстігіндегі территорияларда қылуеттер салу 9 ғасырға жатады. Әулие Көлшік ата қылуеті – жер астындағы екі бөлмелі, ұзынша келген (10 м-ге жуық) тар дәліздің аузынан салынған үңгір есігі бар құрылыс. Шаршы шикі кірпіштен қаланған. Түпкірдегі мекен-жай шаршы, көлемі 2 м-ге жуық және биікт. 1,6 м, төбесі шатырлы күмбезбен көмкерілген. Оған іргелес диам. 2,5 м және биікт. 2 м-дей дөңгелек пішінді үй күмбезделіп жабылған. Дәлізі иіріле келген, негізгі мекен жайлар күйдірген кірпіштен қаланған, арқалық күмбезбен көмкерілген. Төбенің орта деңгейінен құдық тәріздес, диаметрі 1 м-дей дәліздің бүкіл еніне жарық түсетін ойық жасалған. Қылуетке кіретін есік қирап қалғандықтан, баспалдақтың сатылары анықталмады. Бүкіл құрылыстың ішкі құрылымы сыланбаған. 1985 жылы ескерткіш қалпына келтірілді.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Сілтеме

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}