Әулиебұлақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әулиебұлақ , Әулие қыз бұлағыШығыс Қазақстан облысы. Аягөз ауданы. Баршатас елді мекенінен батысқа қарай 110 км жерде, Жорға тауының солтүстік беткейінен ағып шығып жатқан шипалы қайнарлар. Таудың кварцит және порфирит жыныстарының тектоник. жарылым бойымен жер бетіне шыққан үш бұлақ қосылып (ағын мөлш. 0,17 л/с), жылға болып ағып жатады. Суы мөлдір, дәмі қышқылтым (рН=3), температурасы 6 – 9°С, минералд. 0,7 – 0,9 г/л, хим. құрамы сульфатты магнийлі. Суында темір (90 – 100 мг/л), алюминий (15 мг/л), мыс (4,3 мг/л), т.б. бар. Бұлақ суынан көмір қышқыл газы шығады. Ә-тың суы хим. құрамы жағынан Карелиядағы Ресейде) әйгілі «Марциалдық су» курортының шипалы бұлақтарына өте ұқсас. Ә. суын қан толықтыру, қан айналымын жақсарту мақсатында пайдалануға болады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әулиебұлақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}