Әуез Бейсебаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әуез Бейсебаев – (1951 жылы Шымкент облысы, Алғабас ауданы, Алмалы ауылы – 2000 жылы Алматы қаласы) журналист, публицист, сыншы, ғалым. ҚазМУ-ді (1976), аспирантураны бітірген (1986).<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Университеттің соңғы курсында Лениншіл жас газетінің Шымкент облысындағы меншікті тілшісі болып қабылданды. 1980 жылы Америкаға сапар шегіп қайтты. 1981-87 жылдарда Қазақ әдебиетінің сын бөлімінде, ҚазҰУ-дің қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент болып істеді. Филология ғылымдарының кандидаты, (диссертациясының тақырыбы Қазақ поэзиясындағы халық бірлігі (1960-90).

Публицист қаламынан туындаған отты мақалалары оқырман жүрегіне өзінің нәзік лиризм әрі шыншылдық сыршылдығымен ұялады. Сын жанрындағы зерттеулері оның әдебиеттану саласындагы сан қырлы болмы сын айқындап, оқырмандарды күрмеуі мол тақырыптың өзегінен өмірдің алуан бояулы қатпарларына үңілдірді.

Ол ұстаздық қызметпен қатар Қазақ әдебиетіндегі шетел тақырыбынын жазылу проблемалары атты докторлық диссертациясын да аяқтаған. Ол ТМД халықтарымен бірлікті, тұтастықты байыптай тым үлкен монограф, еңбек те жазды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}