Әуезхан Салықбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Әуезхан Салықбаев<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9-том, 640 б. Алматы - 1976ж.</ref> - Социалистік Еңбек Ері (1966), озат теміржолшы. 1929 жылы Шымкент облысы (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы), Арыс қаласында туған.

Еңбек жолы

  • 1944-1950 жылдары - Арыс стансасында вагон тіркеуші, техникалық кеңсе қызметкері.
  • 1950 жылдан жол кезекшісі, механикаландырылған комплексті бригада бригадирі.
  • 1961 жылы ол механикаландырылған төбешік кезекшісі мен маневрлік диспетчер қызметтерін қоса атқарудың бастамашысы болды. Басқарған ұжым өндіріске еңбектің озық әдістерін, әсіресе составтарды ажырату және құрастырудың түйдекті тәсілдерін енгізу нәтижесінде еңбек өнімділігі екі еседей арттырды.

Жетістігі

  • 7-ші бесжылдықта (1956-1965) ол басқарған комплексті бригада 13430 ауыр салмақты поезд құрастырып, нормадан тыс 3129 мың т жүк жөнелтті.
  • 5-сайлауда ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты болды.

Наградалары

Дереккөздер

<references/>