Әуезхан Көшімов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әуезхан Көшімов (1911, 15 желтоқсан, Жезқазған облысы, Шет ауданы - 1993) - ақын.

Өмірбаяны

Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қарағандыда облыстық радио комитетінің бас редакторы, облыстық Халық шығармашылығы үйінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облысындағы өкілі қызметтерінде болған.

Шығармалары

  • Жүрек сазы. Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1948;
  • Қарт мергеннің айтқандары. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1957;
  • Аңшының әңгімелері. А., ҚМКӘБ, 1959;
  • Екі бүркіт. Әңгімелер. А., ҚМ КӨБ, 1963;
  • Тегіледі әуендер. Поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1961;
  • Тепеңкөк. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1983.

Марапаттары

«1941 — 1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер