Әубәкір Ахметжанұлы Диваев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әубәкір Ахметжанұлы Диваев - (3.12.1855, Ресей, Орынбор қаласы - 5.2.1932) - Ташкент қаласы) - фольклоршы, этнограф. 1876 жылы Орынбор кадет корпусының Азия бөлімін бітірген. Диваев өзбек, парсы, қазақ тілдерін меңгерген. Кадет қорпусында оқып жүріп қазақ халқының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпына қатысты құнды материалдар, ауыз әдебиеті жинаумен шұғылданды. Диваевтың қатысуымен 1895 жылы Қожа Ахмет Иасауи мешітінен табылған көне жазулар Түркістан өлкесі тарихын зерттеуге қойылған елеулі үлес болды. Ол тапқан көне мөрдің ортасындағы шеңберле Қожа Ахмет Иасауи есімі жазылып, "хижраның 1212 жылы" деген белгі бар, ал шеңбердің шегінде мөрлі жасаушы шебердің есімі (Қожа хан) көрсетілген. Мөрдің орта шеңбері (көлденең қимасы 9 ем) он радиусқа бөлініп, оның әрқайсысының арасына Мұхаммед пайғамбардай бергі мүридтердің есімдері жазылған. Диваев 1896 жылы 22 қаңтарда Археология әуесқойларының Түркістан үйір-месіне мүше болып қабылданады. Диваев "Шора батыр", "Бекет батыр", "Алпамыс батыр", "Кобыланды батыр", "Ер Тарған", "Айман - Шолпан" жырларын, көптеген ертегілер, шешендік сөздерді жинап, олардың кейбіреуін орыс тіліне аударды. Диваев Сырдария қазақтарының өмірі мен көлемді этнографиялық материалдар жинады. Қорқыт Ата бейіті су үңгіп, жоғалып кету алдында тұрғанын айтып, жергілікті әкімшіліктен адамзат мәдениеті тарихындағы қымбат ескертқішті қорғауға алуды сұраған. Диваевтың ғылымға сіңірген еңбегін П.М. Мелиоранский, А.В. Гордлевский, В.В. Бартольд, т.б. ғалымдар жоғары бағалады. Әбубәкір Диваевтің аты Қазақстанның ірі қалалары - Астана, Алматы, Шымкенттегі көшелерге берілген.

Әдебиет:

  • Гордлевский В.А., Аубакир Диваев, "Живая старина", 1916, в. 1;
  • Смирнов Н.С., А.А. Диваев-фольклорист, "Вестник АН КазССР", 1957, N»1;<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}