Әтіркүл Егембердіқызы Ағыманова
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Әтіркүл Егембердіқызы Ағыманова (6 қаңтар 1962 жыл, Шымкент облысы, Киров ауданы) — тіл білімі маманы, филолог ғылым кандидаты (1990). Шымкент педагогикалық институтының филолог факультетін бітірген (1983). 1985— 1988ж. ҚазМҰУ-да аспирант. 1988жылдан осында қазақ тілі кафедрасының оқытушысы. Профессор В. А. Исенғалымиеваның жетекшілігімен орысша қазақша сөздіктерде зат есімнің берілуі жайын-да кандидаттық диссертация қорғаған. Оннан астам ғылым мақаласы жарық көрді. Қазір қазақ тілі мен орыс тілдерін салыстыра зерттеумен шұғылданып жүр.
Шығармалары
- Лексикографическое оформление отглагольных суффиксальных существительных со значением носителя процессуального признака в русско-казахских словарях. АКД., А., 1990;Қазақша сөйлегіңіз келе ме? Тілді білсеңіз, елді білесіз. А., 1988.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>
Дереккөздер
<references/>