Әсірәлі Әбітиұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әсірәлі Әбітиұлы (1905 жыл, Қаратөбе ауылы, Қоскөл ауылы - 1980 жыл, Қаратөбе ауылы, Қоскөл ауылы) - ақын.

Ақындық болмысы

Суырып салма ақындығымен ел құрметіне бөленген. Ол халықтың мұң-мұқтажын дөп басып айтып, басшылардың кемшілігін өткір сынап отырған. Оның жазбаша шығармалары да көп болған, оларды араб әліпбиімен жазған. Бірнеше рет ақындар айтысына да қатысқан. Өлеңдері кітап болып шыққан жоқ, тек сықақ өлеңдері осы кезге дейін ел аузында сақталып, жиын-тойларда айтылып келеді.<ref> Батыс Қазақстан облысы. Экциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2010. - 580 бет + 32 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 978-601-291-049-0 </ref>

Дереккөздер

Үлгі:References

Сыртқы сілтемелер