Әскер Есенқұлов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әскер Есенқұловмедицина ғылымының докторы (1989), професор (1991), Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1994).

Қысқаша өмірбаяны

Үлгі:Infobox Biography 1964 Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген;
196475 Қазақ онкология және радиология ғылыми-зертхана институтында стажер, кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болды;
1976 жылдан Қазақ ұлттық медицина университетінде доцент,професор;
19952000 декан, кафедра меңгерушісі;
1995 ҚР Денсаулық сақтау агенттігінің бас маман-маммологы;
1999 Қазақ ұлттық мед. университетіне қарасты Маммология клиникасының меңгерушісі (Алматы) қызметтерін атқарды. ҚР маммолог-дәрігерлер одағының төрағасы.

Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Еңбектері

«Клинико-эпидемиологическое исследование рака молочной железы в Казахстане (патогенетические особенности)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылыми еңбектері сүт безі қатерлі ісігінің клиника, эпидемиология, иммунология, эндокринологиялық ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Әскер Есенқұлов қатерлі ісікті емдеудің бірнеше жаңа тәсілдерін: сүт безі қатерлі ісігін хирургиялық операциядан кейін вакуумдық білте қойып емдеуді; әйелдердің асқынған жатыр ісігіне химиялық дәрілерді артериялық қан тамырлары арқылы енгізуді; сүт безіндегі қатерлі ісікті ең алғашқы өсу кезеңін анкета арқылы (скрининг әдісі) анықтауды ұсынған. Әскер Есенқұловтың басшылығымен «Маммология» журналы шыға бастады (1999). .<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

Әскер Есенқұловтың макаласыҮлгі:Deadlink
"Ананың сүті бұзылса, баладан маза кетеді" мақаласыҮлгі:Deadlink Үлгі:Суретсіз мақала