Әскери психология

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әскери психология (Военная психология) — әскери қызмет жағдайындағы адам психикасының зандылықтарын (түйсік, қабылдау, ойлау, сезім және т.б.) зерттейтін психология саласы. Әскери психология әскери қызметшілердің психологиялық, қасиеттерінің қалыптасу зандылықтарын (қызығушылық, дағды, қабілет, мінез, темперамент және т.б.), сондай-ақ жауынгерлердің санасы мен эмоциясын зерттейді. Бұл зерттеулердің нәтижелері қарулы күштердің жеке құрамы бойында кажетті ерік сапаларын тәрбиелеу кезінде тәжірибелік тұрғыдан қолданылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл</ref>

Әскери психология — әртүрлі әскери іс-әрекеттердің психологиялық мәселелерін, оның әлеуметтік тарихи жағдайларға сәйкес даму деңгейлерін, жауынтерлердің жеке басының даярлығын, әскери ұжымдардың жауынгерлік қабілетін, саяси қырағылығы мен әзірліктерін зерттейтін психология ғылымының арнаулы саласы. Кеңес үкіметі тұсында әскери психология Кеңестік армия құрылуымен қатар пайда болып, мемлекеттің қарулы күиггерін және Отан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында дамып келді. Әскери психологияның ғылыми астары оның теориясы мсн практикасын жетілдіру, әскери қызметтегілерді оқыту, тәрбиелеу, оларға ақыл-кеңес беріп, солдаттардың жауынгерлік рухын көтерудің психологиялық аспектілерін зерттеуге арналады. Әскери психологияның негізгі мәселелері: әлеумет, еңбек, инженерлік және педагогикалық психологиямен байланысты. Әскери психология: әскери-әлеуметтік, әскери-авиациялық, әскери-теңіз психологиясы салаларына бөлінеді. Бұл салалар ерекше жағдайлардағы (экстремалдық) әскери құрамалардың тыныс-тіршілігінде туындап отыратын құбылыстар мен зандылықтарды зерттейді. Әскери психология дербес ғылым ретінде бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында дүниеге келді. Онда ірі әскери құрамаларға басшылық ету, ұрыс даласында жеңісті қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды. Егеменді, тәуелсіз Қазақстан жағдайында әскери қызметтің сан саласында әскери психологияның іргесін қалаушы Бауыржан Момышұлы болды. Ол қазақ, орыс тілдерінде "Соғыс психологиясы" еңбегін жазды.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}