Әсия Қанатбаева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әсия Қанатбаева Бәкішқызы (1.12.1940, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы) – медицина ғылымдарының докторы (1985), профессор (1990). Профилактикалық медицина академиясының академигі (1996). Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі (1983, 2000). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1964, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті Үлгі:Webarchive) бітірген. Қазақ педиатрия ғылым-зертеу институтында кіші, аға ғылым қызметкер, бөлім меңгерушісі (1965–85), КСРО Мед. ғылым академиясының Педиатрия институтында стажер-зерттеуші (1966–71) болды. 1985 жылдан қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. «Клинико-патогенетическая оценка рецидивирующей гематурии у детей» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Негізгі ғылым еңбектерінің бағыты – бүйрек қансырауы мәселелері мен еміне арналған. Халықаралық Нефрологтар қауымдастығының мүшесі, Қазақстан Нефрологтар қауымдастығының төрайымы (2005). 250-ден аса ғылыми жарияланымның, 6 оқу құралының, монографиялардың авторы. <ref>Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub