Әсем барылдауық қоңыз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Әсем барылдауық қоңыз , хош иісті барылдауық қоңыз (Үлгі:Lang-la) – барылдауық қоңыздар тұқымдасына жатады.


Қазақстанда Алтайдан Батыс Тянь-Шаньға дейінгі таулы аудандарда, Іле мен Сырдария өзендерінің тоғайлы ормандарында кездеседі. Денесінің ұзындығы 24 – 33 мм, басы, денесінің алдыңғы бөлігі қара көк, қанаты құлпырған жасыл түсті болып келеді. Мұртшалары, ауыз бөлігі, аяғы қара түсті. Қанатының үстінде терең сайлы қатарлар мен жіңішке томпақ аралықтар орналасқан. Қоңыздың ересектері мамыр – қыркүйек айларында белсенді болады. Көктемнің аяғы, жаздың басында аналығы жұмыртқа салады, дернәсілдері мен қуыршақтары екі айдай дамиды. Жылына 2 – 3 рет ұрпақ береді. Тамыз – қыркүйекте жас қоңыздар шығады. Топырақ, көң арасында қыстап шыққан қоңыздар 2 жыл тіршілік етеді. Қоңыздар мен олардың дернәсілдері – жыртқыштар, олар жібек көбелегінің жұлдызқұрттарын жеп пайда келтіреді. Ә. б. қ-дың саны жылдан-жылға азаюда, қазір олар Іле Алатауы жотасының Түрген мен Қаскелең сайлары, Шолақ тауларында сирек кездесетіндіктен қорғауға алынып, Қазақстанның және Алматы облысының «Қызыл кітабына» енгізілген. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер