Әртүрлі географиялық ендіктегі аспан сферасының қозғалысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақылаушы шар пішінді Жер бетінде орналаскандықтан, жұлдызды аспан кәрінісі оның тұрған орнының географиялық ендігіне байланысы әртүрлі болады.
Географиялық ендік мәніне байланысты шырақтардың тәуліктік параллельдері көкжиекке қатысты әртүрлі бұрыш құра орналасады.
Жердің солтүстік полюсінде орналаскан бақылаушыға аспан сферасының тек солтүстік жарты шары, ал оңтүстік полюсте оның оңтүстік жарты шары ғана кәрінеді. Жер полюстерінде дүние осі тік сызық бойымен сәйкес келеді. Жұлдыздардың тәуліктік параллельдері кекжиекке параллель орналасады ,яғни барлық Жұлдыздар батпайды және тумайды. Бақылаушы солтүстік полюстен әкваторға сапар шеккенде, жұлдызды аспан керінісі өзгеріп отырады. Дүниенің солтүстік полюсінің зениттен бұрыштық қашықтыктығы біртіндеп өседі, оған қоса аспан экваторы мен көкжиек жазықтықта- рының арасындағы бұрыш та еседі, Жұлдыздардың тәуліктік параллельдері көкжиекке еңіс орналасады да, аспан сферасының экваторра таяу бөлігіндегі жұлдыздар туып-бататын болады. Бакылаушы Жер экваторына жеткенде,дүние полюстері көкжиекке (оның тура солтүстік және оңтүстік нүктелеріне) дәл келеді. Ал аспан экваторы зенит аркылы өтеді. Жұлдыздардық қозғалысы аспан экваторына параллель болғандықтан, олар шығыс кекжиектен оған тік бұрыш жасай кетеріліп, сол қалпында батыс кекжиекке төмендейді.
Экватордағы бақылаушы аспаннан оның екі жарты шарының барлык жұлдыздарын көре алады.
Шырақтардың шарықтауы (кульминациясы). Шырақтардың көкжиектен ең жоғарғы және ең төмен орналасуы олардың аспан меридианы аркылы өту кезінде болады. Мұндай кез шырақтың жоғарғы және төменгі шырықтауы деп аталады.
Жұлдыздардың орта ендікте бақыланатын тәуліктік козғалысының траекториялары кәрсетілген.<ref>Физика және астрономия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңд., толыкт. 2-бас. / Р. Башарұлы, Д. Қазақбаева, У. Токбергенова, Н. Бекбасар. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009. — 240 бет, суретті. ISBN 9965-36-700-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әртүрлі географиялық ендіктегі аспан сферасының қозғалысы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}