Ән өлеңі
Ән өлеңі - муз. әуенмен айтылуға лайықталған сөз өнерінің бір түрі.
Ән өлеңі халықтық және әдеби болып екіге бөлінеді. Халықтық деп кім шығарғаны белгісіз Ән өлеңдерін айтады: Мысалы: "Жайдарман", "Жиырма бес", т.б.
Ән өлеңдерінің екінші түріне авторы белгілі шығармалар жатады. Мысалы: "Сегіз аяқ", "Бойы бұлғаң", "Жанбота", "Ақ сиса", "Құлагер", "Ардақ", "Айпамкөз", "Қаракесек", "Майра", "Қорлан", "Гәкку", "Жас қазақ", "Ақ маңдайлым", т.б. Әдебиеттануда дербес зерттелетін сал-серілер өнернамасы, негізінен, олардың Ән өлеңдерінен тұрады. Абайдың, Мағжанның әуені мен сөзі егіз өрілген. Ән өлеңдер - ұлттық поэзиямызға да, ұлттық музыкамызға да олжа салған туындылар. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Н.Шакенов, М.Әлімбаев, Н.Әлімқұлов, Т.Молдағалиев, Қ.Шаңғытбаев, т.б.
Ән өлеңдері жұртшылыққа кеңінен мәлім.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/> <references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify