Әнуәрбек Үсенов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үсенов Әнуәрбек<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref> (14.2.1933, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Сабынды аулында — 6.4.1997, Алматы) — металлург, техника ғылымының кандидаты (1973).
- 1957 жылы Қазақ металлургия және тау-кен институтын бітірген
- 1957 — 1966 жылдары Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында мастердің көмекшісі, технолог, цех бастығының орынбасары
- 1966 — 1973 жылдары Лениногорск мырыш зауытытының директоры
- 1973 — 1985 жылдары Қазақ КСР-і түсті металлургия министрінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды
- 1986 — 1991 жылдары Қазақ мемлекеттік бағалы металдар және алмас ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және технология институтының директоры
- 1991 — 1993 жыдары Қазақ мемлекттік “Қазалмасалтын” консорциумында вице-президент, бас директор болды
- 1993 жылдан ұлттық акционерлік “Алтыналмас” компаниясының бірінші вице-президенті, “Алтын” АҚ-ның президенті қызметтерін атқарған.
Үсеновтің ғылым еңбектері Қазақстанның түсті металлургия және алтын шығару салаларына арналды. Оның тікелей басшылығымен Қазақстанда алғаш рет шикізаттың әр түрінен химиялық таза алтын мен күміс алу технологиясы жасалып, “Целинный кен-химия комбинаты” өндірістік бірлестігімен және ғылыми-зерттеу ин-ттарымен бірлесе отырып “Құмдыкөл” кен орнынан техникалық алмас өндіру бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілді. Үсеновтің енгізген жаңалықтары ғылымда, өндірісте кеңінен қолданылады. Үсенов Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының иегері (1984), КСРО-ның Құрметті металлургі, Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.
Дереккөздер:</span>
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әнуәрбек Үсенов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}