Әнуар Нұрғалиұлы Ипмағамбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әнуар Ипмағамбетов(1912, 18 шілде Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы-1996) - Жазушы.


Нұрғали Ипмағамбетовтің ұлы.

1956 жылы М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы жоғары әдеби курсты аяқтаған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Майдан газеттерінің тілшісі, «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің жауапты хатшысы, Қазақ КСР Телевидение және радиохабары жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас редакторы, Целиноград (қазіргі Астана) облыстық газетінің редакторы болып қызметтер атқарған.

1973 жылы оның «Жайықтың сол жақ бетінде» атты кітабы жарық көрді. Негізінен, аударма саласында еңбек етті.

Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.

Аудармалары

  • Н.В.Гоголь. Старо-свет помещиктері. Роман;
  • Н.В.Гоголь. Өлі жандар. Роман;
  • П.Мериме. Кармен. Новелла;
  • А.Н.Толстой. Севастополь әңгімелері;
  • Э.Казакевич. Одердегі көктем. Роман.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>