Әнуар Жақсығалиұлы Дербісәлин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дербісәлин Әнуар Жақсығалиұлы (18 ақпан 1929 ж., Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қызылжар ауылы – 4 шілде 1986 ж., Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1969), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспонденция мүшесі (1983). ҚазПИ-ді (1950, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген.

Ойыл орта мектебінің мұғалімі (1950–51), Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының аспиранты (1951–54), Педагогика ғылыми-зерттеу институтында аға ғылым қызметкер (1955–58), Әдебиет және өнер институтында аға ғылым қызметкер (1958–76), бөлім меңгерушісі (1977–86) қызметтерін атқарған. Ғылыми-зерттеу еңбектері, негізінен, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихының мәселелеріне арналған. Сондай-ақ, түркі жазба ескерткіштері мен қазақ ақын-жырауларының әдеби мұрасы туралы зерттеу еңбектердің авторы. Асан Қайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар, Шал, Көтеш, Абай, Ыбырай, т.б. ақын-жыраулардың әдеби мұраларын, «Оғызнама», «Мұхаббатнаме», «Қорқыт ата кітабы» сияқты көне қазыналарды зерттеуге елеулі еңбек сіңірді. «Октябрь алдындағы қазақ әдебиетінің (1990–1917 ж.) даму жолдары» деген тақырыпта докторлық диссертацияны қорғаған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Сыртқы сілтемелер

http://www.aktobegazeti.kz/?p=330

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әнуар Жақсығалиұлы Дербісәлин|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}