Әміржан Смағұлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әміржан Смағұлов (1929 ж. т.), дәрігер-хирург, денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы , медицина ғылымының кандидаты (1973). Қарқаралының түлегі. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1954 жылдан облыстық клиникалық ауруханада дәрігер - хирург, Қарқаралы аудандық ауруханасының бас дәрігері болды. 1965-1974 ж . ҚарММИ жалпы хирургия кафедрасының оқытушысы . 1974 жылдан зейнеткерлікке шыққанша облыс денсаулық сақтау бөлімінің бас хирургы. Осы жылдары облыстық хирургия қызметін дамытуға елеулі үлес қосты . 22 ғылыми еңбектің авторы. «Кұрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Хирургтердің бүкіл одақтық 29-31, республикалық 3-4-съездерінің делегаты.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}