Әмиян

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әмиян - ақша, тиын-тебен салып жүруге арналған шағын қалта, шилан. Әмиянның ішін бір не бірнеше қатпарлы, бөлікті етіп көннен, былғарыдан тігеді. Ашылып-жабылатын аузы қайырмалы немесе қаусырмалы болып келеді. Кейбір әмияндардың аузына темірден жасалған көмкерме бекітіліп, басына домалақ шыртетпе орнатылады. Әмиянды киімнің қалтасына салып жүруге ыңғайлы етіп жасайды, оны жібек матадан да тігіп, бетін өз қалауына қарай кестелеген. Қазақтардың ұлттық ерекшелігі туралы орыс зерттеушісі В.И. Даль: «Қазақ жеріне өттің екен, әмияныңды қалтаңа салып қой. Жылтыраған тиын санап отырғаның - бұл елдің әдет-ғұрпына ерсі. Ал үйіне келдің екен, әрдайым асы дайын, шипалы қымызы және бар», — деген екен.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әмиян|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}