Әмеңгер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әмеңгер - көшпелі қазақ қоғамындағы некелік- отбасылық қатынас институттарының бірі. Әмеңгер деп қайтыс болған туған ағасының немесе інісінің жесіріне үйленген адамды айтады.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref>

Қазақтың ғұрыптық салтында үйленетін адамның жасы мен дәулеті, отбасылық жайы ескеріліп, кейде жесір әйелге тандау да беріледі. Алайда қайтыс болған жігіттің әкесі келініне әмеңгер бола алмайды <ref>Дужан К. Свадебные обряды у киргизов Кокбектинского округа // СПб., 1855. №92</ref>.

Көшпелі ортада бұл ғұрыптың өзіндік әлеуметтік және шаруашылық маңызы болды. Расында да, жесір әйел панасыз қалмайды, ал жесірдің баласы шетқақпай көрмей, өз ағайын-туыстарының ортасында өседі, яғни, туысқандарына жат болмайды <ref>Баллюзек Л.Ф. Народные обычаи, имевшие, а отчасти и ныне имеющие в Малой Киргизской орде силу Закона // ЗООИРГО. Казань, 1871. Вып.2</ref>.

Балалы үйрек көлден кетпес, балалы әйел елден кетпес немесе әйел ерден кетсе де, елден кетпейді деген мақалдар осы жайтқа байланысты айтылса керек. Әмеңгер тек дәстүрлі некелік-отбасылық қатынас қана емес, бүкіл туыстық-рулық байланыстар жүйесінің де ілкімді нормаларының бірі болды <ref>Алтынсарин И.Таңдамалы шығармалар (құраст.: Б.С.Сүлейменов). Алматы: Қазақ ССР FA баспасы. 1955</ref>.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әмеңгер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}