Әмбебап шот

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әмбебап шот - ағаш шабу, жер өңдеу жұмыстарында қолданылатын шаруашылық құралы.

Әмбебап шоттың бір жағы қуыс құлақтанып келген шот тәрізді болса, екінші жағы балғаның рөлін атқарады. Кейде шоттың шүйде жағынан да жүз шығарып, онымен ағаштың қабығын аршып жонуға болатындай етіп қайрап қояды. Оның екінші атауы - керкі. Қазақтың қолөнер шеберлері әмбебап шот, балта шот сияқты өткір құралдарға талдырып басқан жұқа киізден, былғарыдан немесе қалың кенептен арнаулы қап тігіп, жұмыс істемейтін кезде жүзін соған орап, байлап қояды. Бұл өткір құралдарға арандап қалудан, жүзі бөгде заттарға тиіп мұқалудан сақтайды <ref>Шоқпарұлы Д., Дәркембайұлы Д. Қазақтың қолданбалы өнері. Алматы: Алматыкітап, 2007</ref>.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әмбебап шот|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}