Әл-Гайба

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

әл-ГАИБАғайып болу», «көзге көрінбей өмір сүру») - имамның «жасырын ахуалын» білдіретін шиит дог- матикасының атауы. Имамның «ғайып болуы» және оның қайта оралуы туралы түсінік Әлгі әулетін жақтаушылардың арасында тарады. Абдаллаһ Сабаның жолын қуушылар, яғни сабаиттер Әлидің өлімін жоққа шығарыл, оның «қайта оралар» сәтін күттірді. «Жасырын күйдегі» имам туралы ілім кайсандықтар арасында тарады. Олар өз имамдарының өлгеніне сенбеді. Ол Мәһди ретінде қайтып оралып, әлемге әділдік орнықтыру үшін бір жерде тығылып жатыр деп есептеді. Кейінірек имамның «жасырын ахуалы» туралы ілімді шииттік жолын қуушы басқа да қауымдар қабылдады, 873 - 74 ж. ең соңғы 12-имам «ғайып» болғаннан кейін имамның «жасырын ахуалы» туралы ілім шииттер арасында өзекті мәнге ие болып, «жасырынудан шағын» (әл-ғайба ас-сағира) кезеңі басталды. Имамшылар «ғайып болған» имамды «жасырын» имам және Мәһди деп жариялады. Имамның «ғайып болып кету» кезеңі күткен Мәһдидің келуімен, оның Пайғамбар ұрпақтарының құқықтарын қалпына келтірумен, яғни билікті оның заңды несі Әлиліктерге қайтарумен аяқталуға тиіс. Шииттердің түсіндіруі бойынша «көзден таса болу» мен «қайта оралу» аралығындағы кезеңде имам мен қауым аралығындағы байланысты сафилер жүзеге асырды. Төртінші сафир қайтыс болған 840 жылдан кейін «шағын жасырыну» кезеңі аяқталып, бүгінгі күнге дейін ұласып келе жатқан «үлкен жасырыну» кезеңі басталды. Шииттер қауымының басшылығы рухани бедел мен жауапкершілікті өз мойындарына алды, олардың кейбіреулері, сондай- ақ «дәуір әміршісі», «құпия» имаммен ғазайып әңгіме-дүкен кұруға ұмтылды, үміттенді. Имамның «құпия» тіршілігіне және оның сөзсіз қайта оралатынына деген сенім шиит-имамшыларының ең басты догмаларының біріне айналды. Олар бұл түсінікті көзге көрінбейтін имам билігінің «қасиетті, киелі» сипатымен, қауымның күнделікті тіршілігіне «Құдайдың» кұдіреттілігімен байланыстырды.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub