Әл-Адариса

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ыдырыс, Бану-Идрис, әл-Адариса - ыдырысшылар, Магрибтегі тұңғыш Әли әулеті жолын ұстаушылар (789 - 926). Оның негізін салушы ЬІдырыс I - әл-Хасан б. Әлидің шөбересі, Мединеде Аббас әулетіне қарсы әлиліктер көтерілісіне (786 жылы) қатысушы. Соңына түскен қуғыннан Солтүстік Мароккода жасырынып жүріп, аман-есен құтылып кетеді. Бербер-зенат көсемдерінің қолдауына сүйеніп, Улилида шағын мемлекет құрды (788 жылы), осы орталықтың маңында кейін Фес қаласы бой көтерді. Ыдырыстың інісі Сулеймен көп ұзамай Тлемсенді (Батыс Алжир) өрт жасап, тағы бір мемлекет құрды. Ыдырыс мемлекетінің гүлденген дәуірі Ыдырыс ІІ (808 - 28) мен оның ұлы Мұхаммед (828 - 36) патшалық құрған кезеңге дәл келеді, осы кезеңде бұл мемлекет Жоғарғы Атластан бастап, солтүстік-батысқа қарай бүкіл территорияны қамтыды. Осы кезеңде Фес пен Тлемсен қалалары тез көркейіп, жаңа қалалар пайда болды. Ыдырыс ІІ тұтас мемлекетті өзінің мұрагерлеріне бөліп берді. Бұл оқиға кейінгі өзара қырқысқан шайқастардың пайда болуына себеп болды. 917 жылы фатимашылар Йахия IV патшаны талқандады, ол вассалдық тәуелділікті мойындағанымен, 919 - 20 жылдары аралығында тұтқынға алынып, өлім жазасына кесілді. Фатимашылар мен омейялықтардың Марокко үшін ұзақ уақытқа созылған күресін пайдалана отырып, Ыдырыс әулеті Рифтегі иелігін сақтап тұрды. 974 жылы омейялықтар Ыдырыс әулетінің соңғы патшаларын тұтқындады. Олардың бірі әл-Хасан Каирге қашып барып, фатимашылардың қолдауына ие болды, көп ұзамай қайтадан тұтқынға алынып, өлім жазасына кесілді. 1010 жылы Ыдырыс әулетінің алыс ұрпағынан тараған хаммудшылар Малага мен Альхесирасты иеленіп, 1057 жылға дейін еншілі билеушілер ретінде патшалық құрды. Ыдырыс әулетінің Мароккодағы ұрпақтары өте көп және олар күні бүгінге дейін ықпалды топқа айналуда.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub