Әлқожа ата кесенесі
Үлгі:Ғимарат
Әлқожа ата кесенесі – Қожа Ахмет Ясауидің күйеу баласы. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші. Әлқожа ата тарихи деректерде (Ясауи ата-бабаларының шежіресі Насабнамада) бірде Ахмет Ясауидің туған ағасы Садыр шайхтың ұлы, бірде Артық шайхтың ұлы деп беріледі және есімі де Әбд әл-Мәлік деп беріліп «Әли қожа» ныспысы деп келтіріледі.<ref name=":0">«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты тарихи-мәдени ескерткіштер»: жинақ / «Service Press» баспасы, 180 б. Алматы 2025 ж. 33 бет. - ISBN 978-601-7316-24-2</ref>
Орналасқан жері
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен шығысқа қарай 2,5 шақырым қашықтықта орналасқан.<ref name=":0" />
Сипаты
Кесене қабірханасының «зияратхана» мен «гурхана» деп аталатын екі бөлмеден тұратындығы және де ерекше құрметті адамдардың үстіне тұрғызылатындығы белгілі. Осылайша, екі күмбездің құрамы, олардың біреуі екіншісінен өзгеше болуы сәулет тарихында XI ғасырдан бері белгілі. Әлқожа ата кесенесінің екі күмбезді композициясы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне ұқсастығы жағынан күмән тудырмайды.<ref name=":0" />
Кесененің ішкі интерьерлерінің сәулеттік шешімдері кейбір тұстарда ХІІІ ғ. еске түсіреді. Желкенді аркалар болғанымен ярустың болмауы, төбе жабынының қуыстарын жарты күмбезбен толтыру, терезесі бар қырлы барабандар, олардың қырларын рама түрінде шығарып қалау, күмбездерді сындыра қалау сияқты тәсілдер ХV ғ. мен одан кейінгі ғасырларда кездеспейді. Екінші жағынан ХІІІ ғ. қабырғалар бойына кең нишалар жасалынбайтын, сонымен бірге екі бөлмені жалғастырып тұрған терең нишаның төбе жабынында қолданылған күрделі қалау тәсілі де болған емес.<ref name=":0" />
Әлқожа ата кесенесі Түркістанның рухани-мәдени аймағында жақында бой көтерген «Керуен сарай» көп функционалды туристік кешеніне жақын орналасуы алдағы жылдары туристердің кесенені тамашалап, зиярат жасауына зор мүмкіндік тудырып отыр. Қазіргі таңда кесене аумағын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Қазіргі күні өз шежірелерін Әбд әл-Мәліктен (Әли қожа атадан) бастайтын қожалардың жеке әулеті бар. Олардың қолында 1517-1518 жж. Түркістанда әкім болған шайбанилік Көшім ханның ұлы Абдулла сұлтанның мөрімен бекітілген «Насаб-намасы» бар. Әли қожа атаның қабірі орналасқан жер жайлы дерек Ахмет Кенесариннің 1889 ж. басылған «Султаны Кенесары и Сыздык» атты кітапшасында кездеседі. Онда Сыздық сұлтанның 1864 ж. өз қолымен Әли қожа ата мазары түбіндегі баққа барып ат шалдырғаны туралы айтылады. Ал, кесенесінің суреті А.И.Добромысловтың «Города Сыр-Дарьинской области-Ташкент, Туркестан...» атты еңбегінде берілген. Мұндағы сурет фотографиядан жасалған литография.<ref name=":0" />
Археологиялық зерттеулер
Әлқожа ата кесенесі бірнеше рет жөнделіп ХХ ғ. дейін жеткен. 1947 жылы кесенені толық зерттеген В.В.Константинова да құрылыс үш кезеңнен тұрғанын жазады. Алғашында ХV ғ. бір бөлмелі кесене (қабірхана) бөлмесі салынып кейінірек ХVІІІ ғ. мешіт бөлмесі қосылып, мәхаллә мешітіне айналдырылған дейді ғалым. Кесене фотосы алғашқы рет 1912 ж. А.И.Добромысловтың еңбегінде жарияланды. 1997-1999 жж. «Қазқайтажаңғырту» РМК мекемесі ескерткішті толық қайта қалпына келтірді. 2014 жылы «Қазқайтажаңғырту» РМК мекемесі тарапынан қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Кесене екі бөлмеден тұрады. Қабірхана және жамағатхана. Бөлмелер күмбезделіп жабылып, төрт жағынан терезе ойықтары орнатылған. Бастырмасы айнала төрт қырланып күйген кірпіштен қаланған.<ref name=":0" />
Дереккөздер
Үлгі:Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері